Байсерке ауылында 81 жастағы әйелді көлік қағып кетті.
Алматы облысының Полиция департаменті жол апаты 2 қазан күні сағат 10:05 шамасында Іле ауданында болғанын хабарлады.
Iveсo Magirus маркалы көліктің 38 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінде Школьная көшесімен келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 81 жастағы әйелді қағып кеткен.
Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды.