Германияда бірнеше қазақстандық Nur Otan партиясына мүшелікке өтті
Германияда бірнеше қазақстандық Nur Otan партиясына мүшелікке өтті
206
оқылды

Германияда тұратын бірқатар қазақстандық Nur Otan партиясының қатарына қосылды. Баден-Вюртемберг провинциясында өткен салтанатты жиынға Qazan E.V неміс-қазақ қауымдастығы қатысты.

Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Германияның ұлттық мерекесі - Бірлік күніне және Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына орай (1992 жылғы 11 ақпан) ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстанның Франкфурт және Мюнхен қалаларындағы бас консулдығының өкілдері, қоғамдастық мүшелері және Германияда тұратын Қазақстан азаматтары қатысты. Qazan E.V қауымдастығының төрағасы Валерий Оствальд құттықтау сөзінде 30 жыл ішінде Қазақстан-Германия қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамығанын айтты. Сонымен бірге ол саяси диалог орнатылғанын, мемлекеттер арасында құқық базасы құрылғанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Партия өкілі Денис Козыревтың айтуынша, партия қатарында болу қоғамның саяси өміріне, оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Ол жаңадан қосылғандарды билеуші партия қатарына қосылуымен құттықтады. Денис Козыревтың айтуынша, карантин шектеуіне байланысты партияға қазақстандықтардың тек бірінші легі ғана шақырылды. Партия қатарына қосылғандардың бірі - кәсіпкер Елена Федоренко бұл қадамының қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. [caption id="attachment_164301" align="aligncenter" width="675"]Елена Федоренко Елена Федоренко[/caption]

"Партия пандемияда енгізілген шектеу кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Мысалы, жақында Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жоюға қарсы шықты", - деді кәсіпкер.

Nur Otan қатарына қосылған азаматтардың тағы бірі - инженер Алексей Фирсов. Оның айтуынша, мықты көшбасшының арқасында Қазақстан 1990 жылдардағы ауыр кезеңдегі қиындыққа төтеп берді, тәуелсіздігін сақтап қалды және Nur Otan партиясы ғана әр азаматтың өмірін қамтамасыз ете алады. Айта кетейік, қазір Мюнхенде 4 мыңға жуық, Франкфуртта 5 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрады. Qazan E.V неміс-қазақ достығы қауымдастығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Оның құрамында 70-ке жуық қазақстандық бар.