«Біз ұлттық мүддеге сай әрекет етеміз» – Өзбекстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы СІМ басшысы
«Біз ұлттық мүддеге сай әрекет етеміз» – Өзбекстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы СІМ басшысы
Фото: Интернеттен алынды
399
оқылды
«Радио Озодликтің» хабарлауынша, Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов елдің Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мүмкіндігі туралы пікір білдірді, – деп жазады Tengrinews.kz.  ЕАЭО, Еуропалық кеңес және Бүкіләлемдік сауда ұйымдары туралы айтқанда СІМ басшысы Өзбекстанның шетте қалып қоймайтынын айтты.
«Біз Өзбекстанның осы интеграциялық ұйымдарға қалай және қандай бөлігіне қатыса алатынын анықтаймыз. ЕАЭО бойынша көптеген мәселе бар. Ең алдымен, мен интеграцияға деген көзқарасымызды білдіргім келеді. Жаһандану кезеңінде – бұл табиғи процесс. Ташкент осы процесс кезінде тысқары қалып қоя алмайды. Біз әрқашан ұлттық және мемлекеттік мүдделерге сай әрекет етеміз», – деді Камилов.
«Халықаралық істердегі басты мәселелердің бірі үлкен стратегиялық қатынастары бар елдермен әріптестікті дамыту. Бұл ең алдымен, Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, араб елдері, сондай-ақ Еуропа одағы мен Азия елдері. Ресеймен тек екі жақты қарым-қатынасты дамытып қана қоймай, Өзбекстан ТМД-ға биыл төрағалық етті», – деді Өзбекстанның сыртқы істер министрі.