Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.
Рината Сұлтанова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында топ жарды
Сурет: Владислав Семенов
206
оқылды

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.

Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.

Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.