Тұрғындар көпқабатты үйдің кіреберісінде қан-жоса болып жатқан ер адамды көріп, жедел жәрдем шақырған.
Облыстық жедел жәрдем стансасына Сәтпаев көшесіндегі үйден 2 қазан сағат 2:00 шамасында шақырту түскен.«Үйдің кіреберісінен 2001 жылы туған ер адам табылды. Денесінде пышақ жарақаты болды. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді» делінген ресми хабарламада.