Теміртау тұрғыны сатып алған пәтерден мылтық тауып алды
Теміртау тұрғыны сатып алған пәтерден мылтық тауып алды
Фото: yandex.kz
431
оқылды

Биыл 28 қыркүйекте Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны мылтық пен патрондар тауып алғанын хабарлаған.

Үй иесі сатып алған пәтерді жөндеген кезде ескі шифонерден мылтықты тауып алған. Қару мен патрондар сөмкеге ораулы болған. Үй иесі пәтерді астананың 52 жастағы тұрғынынан сатып алған. Пәтерді сатқан әйелдің түсіндіруінше, табылған мылтық қайтыс болған қайын атасына тиесілі болған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК 288-бабы (Қаруды заңсыз дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін жаңадан сатып алған үйінен тапанша тауыр алған тұрғындар туралы жазған болатынбыз.