Президент Жамбыл облысына келді
Президент Жамбыл облысына келді
368
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды», - деп жазды Берік Уәли.