Қазақстанда әскерден жалтарғандарды іздеу тәртібі өзгереді
Қазақстанда әскерден жалтарғандарды іздеу тәртібі өзгереді
Фото: Кристина Новикова
609
оқылды
Қорғаныс министрлігінің сайтында Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Құжат жобасында бұдан былай азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату дұрыстығы тексерілетіні айтылған.
Оның ішінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамдылығы шектеулі және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың барлық жеке істеріне тексеру жүргізеді, — делінген заң жобасында.
Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды немесе одан босатуды ұсыну тәртібі «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне бойынша жүзеге асырылатыны айтылған.
Әскерге шақырылушылар аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясына дәлелсіз себептермен келмеген, сондай-ақ шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған барлық жағдай туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары оларды іздестіру және әскерге шақыру пунктіне келуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлайды, — делінген құжатта.
Сонымен бірге заң жобасында мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған және әскерге шақыру кезеңінде медициналық комиссияларына келмеген шақырылушыларды іздестіру үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бірлескен қызмет жоспарларын әзірлеп, бірлескен тұрақты жұмыс істейтін топтар құратыны айтылған.