Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің кіреберісінен пышақ жарақатын алған ер адамның денесін тауып алған. Полицейлер осы оқиғаға қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазан күні сағат 02:25 шамасында Ак. Сәтбаев көшесіндегі 247-үйдің пәтерінде 20 жастағы ауыл тұрғынының денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.