ЕКПА Қазақстандағы демократиялық реформаларға қолдау білдірді
ЕКПА Қазақстандағы демократиялық реформаларға қолдау білдірді
731
оқылды
30 қыркүйекте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясының соңғы күні «Қазақстандағы саяси реформа оның азаматтарының қажеттіліктері мен мақсат-ниетіне жауап береді» деген жазбаша декларация қабылданды. Литва депутаты, ЕКПА Вице-президенті Лайма Андрикиене бастаған, Ассамблея Бюросының мүшелері мен негізгі саяси топтардың жетекшілері, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Испания, Италия, Литва, Польша, Финляндия сияқты елдердің депутаттары құрамында енген 23 парламентшіден тұратын топ Декларацияның авторы болып табылады. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюды көздейтін Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы ЕКПА-ның ресми сайтында мәтіні жарияланған құжатта еуропалық парламентшілер еліміз басшылығының шешіміне қолдау білдіріп отыр. Бұл шешім ЕКПА құндылықтары мен қағидаларына сәйкес келетіні атап өтілді.
«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпы жарыссөзінде сөйлеген сөзін құптаймыз, ол онда өмір сүрудің негізгі құқықтарын, адамның қадір-қасиетін жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің берік ұстанымын атап өтті», - делінген декларацияда.
2019 жылғы 4 сәуірде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті мақұлдаған «Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен тату көршілік ынтымақтастық жөніндегі басымдықтары» төрт жылдық бағдарламасы аясында Қазақстан Еуропа Кеңесінің маңызды серіктесі болып табылатыны атап өтілді. ЕКПА-да қабылданған декларация ҚР Парламенті Сенаты делегациясының Страсбургтегі кездесулері барысында Қазақстандағы демократиялық реформалар туралы еуропалық депутаттар айтқан жоғары бағаны растады.