Ақтауда жол бойында төбелес шығарғандар ұсталды
Ақтауда жол бойында төбелес шығарғандар ұсталды
408
оқылды
Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады. Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады. Оқиға автокөліктердің маңында болған. https://www.youtube.com/watch?v=LeruSM5R_Bw&feature=emb_title Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4 қазанында шамамен сағат 16.30-да Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне 6-ықшамаудандағы 37-үй маңында жаппай төбелес болғаны туралы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау Полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды", – деді полиция департаментінен.
Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.