Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінде ақау пайда болды
Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінде ақау пайда болды
Фото: news.myseldon.com
145
оқылды
Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шықты. Бұл туралы Downdetector сервисі хабарлады. Желі қолданушылары қазіргі уақытта Youtube пен Telegram желілері істеп тұрғанын ғана жазып жатыр. Сервистің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлаған. Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.