Циклон әсерінен солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр, қар жауады. Жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с-ке күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.