Елімізде 9 жаңа суқойма салуға қанша қаражат қажет?
Елімізде 9 жаңа суқойма салуға қанша қаражат қажет?
Фото: old.aqmeshit-zhastary.kz
1,089
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 9 жаңа суқойма салу арқылы су тапшылығын жоюға болатынын айтты.

«Алдағы бес жылда 1,7 текше километр көлемінде суды жинау үшін 9 жаңа суқойма салу жоспарланған. Бұл 14 елді мекенге су тасқыны қаупін азайтып, 195,3 мың гектар жаңа суармалы жерді пайдалануға, 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің айтуынша, 9 жаңа суқойма салудың жалпы құны – 59,4 миллиард теңге. Оның ішінде, 11,3 млрд теңгесі 2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қарастырылады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау үшін қосымша 700 миллион теңге, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылға дейін 47,4 млрд теңге қажет.

Бұған дейін "Ойылдың обалы кімге?" деп жазған болатынбыз.