Атырауда жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталды
Атырауда жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталды
© Сурет: inform.kz
306
оқылды
Жантүршігерлік оқиға Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған. Бұрыннан 4 баласы бар әйел жүктілігіне байланысты дәрігерлік есепке тұрмаған. Жүкті әйел аудандық жедел жәрдем стансасына қан кетіп, жағдайы қиындаған соң ғана хабар берген. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету кезінде 35 жастағы келіншектің босанғанын анықтаған. Алайда, әйел бастапқыда босанғанын мойындамай, түсіктен кейінгі қан кету деп жалтарған. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) іс қозғалды.
«Сот шешім шығару кезінде күйеуімен ажырасқаннан кейін әйелдің кәмелетке толмаған 4 баласы қалғанын ескерді. Сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды» – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.