Цой масканың қолайсыздық тудыратынын мойындады. Алайда қазіргі кезде ол коронавирустан қорғайтын элемент екенін де айтты. Айтуынша, маска кез келген инфекциядан адамды 30% қорғайды.
Министрдің айтуынша, әлемде коронавирустың таралуы төмендесе, елімізде шектеу шаралары алынып, карантин тағы жеңілдетіледі.
"Вакцина салдырған азаматтарды қоғамдық тамақтану орындарына кіргізіп, басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерге − спорт шаралары мен марафондарға қатыстырып жатыр. Яғни біз карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетіп жатырмыз. Әзірге маска тағуға мәжбүрміз, ауру жұқтырғандар саны азайған кезде маскасыз жүру мүмкіндігін қарастыратын боламыз", − деді Цой.