Картограф 2500 жыл бұрын жасырылған қазынаны тауып алды
Картограф 2500 жыл бұрын жасырылған қазынаны тауып алды
Фото: qostanay.tv
252
оқылды
Швециялық картограф кездейсоқ 2500 жылдық үлкен тарихы бар зергерлік бұйымдарды тапты. Олардың барлығы қола дәуіріне жатады. Бұл оқиға туралы хабар бірден бүкіл әлемге тарап,  археологтарды қызықтырды, – деп жазады Planet News. Nspirement мәліметінше, табылған қазынада 50-ге жуық көне зергерлік бұйымдар, сондай-ақ басқа да көптеген жәдігерлер болған. Бұл бұйымдардың көмегімен мамандар қола дәуірінде қолданылған зергерлік бұйымдар туралы жаңа ақпарат ала алады. Қазынаны Томас Карлсон аймақты картаға түсіру кезінде тауып алған. Картограф жұмысты Швецияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Алингсос қаласының маңында жүргізген. Болжам бойынша, бұрын қазынаны кейбір жабайы жануарлар қазған. Басында картограф бұйымдарды қолдан жасалған (жалған) деп ойлаған, себебі бұйымдар осы күнге дейін өте жақсы сақталған екен.