«Екінші ұлымнан да айырылдым» – кісі өлтірген күзетші ұсталды
«Екінші ұлымнан да айырылдым» – кісі өлтірген күзетші ұсталды
Фото: yvision.kz
170
оқылды

Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды AstanaTV.

Кісі қолынан қаза тапқан 45 жастағы қала тұрғыны анасымен бірге саяжай аумағында тұрған. Марқұмның анасының айтуынша, ұлын он күн бұрын кооператив күзетшісі ертіп кеткен. Баласы үйге оралмаған соң қазанның 1-і күні полицияға хабарлаған.

Марқұмның анасы Людмила Кузовая: «Екінші ұлымнан айрылып қалдым. Кіші баламды да тоғыз жыл бұрын 200 мың теңге үшін өлтіріп кетіп еді. Күзетші менің ұлымды жақсы танитын. Не үшін оны өлтіргенін білмеймін», – дейді.

Тергеу нәтижесінде полиция 4 күнде күдіктіні қолға түсірді. Бұрын сотталмаған. 34 жастағы қала тұрғыны кісі өлтіргенін мойындап, оның денесін Тобыл өзенінің жағасына жасырғанын айтқан. Кооператив күзетшісінің неліктен ауыр қылмыс жасағаны тергеу барысында анықталады.

Қостанай облыстық ПД басшысының орынбасары Қайрат Дүйсембеков: «Қолмен ұрып, аяқпен тепкілеген. Оқиға болған жерден өзенге дейін велосипедпен апарған. Өзен жағасына апарып, сол жерге тығып қойған. Біз оны ұстағанда кінәсін мойындап, бәрін айтып, денесін қайда тыққанын көрсетті», – дейді.