Аурухана күзетшісі коронавирустан қайтыс болған науқастың телефонын ұрлап кетті
Аурухана күзетшісі коронавирустан қайтыс болған науқастың телефонын ұрлап кетті
Фото: twitter.com
133
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, 11 тамызда 67 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне арызданған.

Ол ауруханада коронавирустан қайтыс болған 65 жастағы әйелінің 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған. Қарағанды ​​облысы бойынша ПД-нің басшысы Ерлан Файзуллин:

«Полицейлер күдіктіні ұстады. 33 жастағы ер адамнан ұялы телефон тәркіленді. Күдікті ауруханада күзетші болып жұмыс істеген. Ұсталғанға дейін бірнеше күн бұрын жұмыстан кеткен, – дейді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.