Тұрғымбаев төрт департаменттің басшысын ауыстырды
Тұрғымбаев төрт департаменттің басшысын ауыстырды
Фото: mail.kz
186
оқылды

ІІМ ҚАЖ комитетінің мәліметінше, Президент Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттердің бастығы тағайындалды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып осыған дейін аталған департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Рахымбеков Дәулет Боранбекұлы тағайындалды.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет атқарады. Пенитенциарлық жүйедегі қызметін ІІБ жанындағы ҚАЖКБ ЕС-164/7 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі болып бастады. Әр жылдары ҚАЖ комитеті мен Ақмола облысының аумақтық департаменттерінің бөліністерін басқарды.
  • Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы тағайындалды.
ҚР Ішкі істер органдарында 1995 жылдан, ОҚО әл-Фараби аудандық ІІБ бөлімшесінде тергеушінің көмекшісі болып бастаған. Пенитенциарлық жүйеде 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Соңғы атқарған лауазымы - ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы осыған дейін ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының бастығы қызметін атқарған әділет полковнигі Игілік Шәріпұлы Хасенов болды.
1998 жылдан бастап республиканың пенитенциарлық жүйесі қатарында қызмет етеді. Нұр-Сұлтан қаласы, СҚО және Ақмола облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев тағайындалды.
ҚАЖ-да қызметін жасақ бастығынан бастады, түрлі деңгейдегі, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарды. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған басшыларының бұрын ҚАЖ комитетінің орталық аппаратында және оның аумақтық бөліністерінде басшылық қызметтерде жұмыс істегенін, пенитенциарлық жүйеде көп жылдық тәжірибесі бар.