«Жаңадан танысқан әйелдерді тонаған» – Қарағандыда күдікті ұсталды
«Жаңадан танысқан әйелдерді тонаған» – Қарағандыда күдікті ұсталды
Фото: smartik.ru
149
оқылды

Биыл 1 қазан күні Қарағандыда полицияға 42 және 50 жастағы екі әйел шағымданған. Олардың арызынан екеуінің де бір күдіктіден зардап шеккені белгілі болды.

Ұры жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ұтымды сәтті пайдаланып, олардан ақша ұрлаған. Бірінші 100 мың теңге ұрласа, екінші 500 долларды (225 600 теңге) жымқырған. Полиция 34 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Істің мән-жайы тергеуден соң анықталады.

Бұған дейін тұрғындардың сеніміне кіріп, көлік алу үшін қомақты қаражат жинаған Nur AutoKZ басшысы ұсталғанын жазған болатынбыз.