Кеше кешке сағат 19:27 шамасында Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында жиналған 22 орам шөп өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 19:45-те жетті. Өртті толықтай түнгі сағат 23:07-де сөндірді.
6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөліміне Ортақшыл ауылында кәмелетке толмаған 3 баланың жоғалғаны туралы хабар түскен.
Жоғалған 2014 жылғы – екі, 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылған.
Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейін тергеу басталды.
«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабымен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады департамент өкілі.