Үш баланың қазасы: Атырау облысында сотқа дейінгі тергеу басталды
Үш баланың қазасы: Атырау облысында сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: ТЖМ-нен алынды
119
оқылды

Кеше кешке сағат 19:27 шамасында Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында жиналған 22 орам шөп өртенді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 19:45-те жетті. Өртті толықтай түнгі сағат 23:07-де сөндірді. 6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөліміне Ортақшыл ауылында кәмелетке толмаған 3  баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Жоғалған 2014 жылғы – екі, 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылған. Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейін тергеу басталды.

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабымен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады департамент өкілі.

Бұған дейін Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.