Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жантүршігерлік оқиғаға қатысты балалардың ата-анасына көңіл айтып, материалдық көмек берілетінін мәлім етті.
«Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қаза болған балалардың отбасыларына Атырау облысының әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі.
Бұған дейін Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.