Сот Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың отбасына үйден көшуге уақыт берді. Қылмыскердің әйелі мен балалары үйде көктемнің ортасына дейін тұра алады. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.
"Аппеляциялық инстанцияда Игорь Дужновтың әйелінің шағымы қанағаттандырылды. Сот оларға үйде тұруға жарты жыл - 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін уақыт берді. Сот шешім шығарған кезде жылыту маусымы басталғанын және кәмелет жасына толмаған балаларды ескерді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының өкілдері.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі үйден шығаруға қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.