Мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Denis Ten Memorial Challenge өтеді, – деп жазады Olympic.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан Challenger-дің VII кезеңін Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығында өткізу жоспарланған.«Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.