«Пәтер сатамын» – жалған келісімшарт арқылы ақша жинаған алаяқ ұсталды
«Пәтер сатамын» – жалған келісімшарт арқылы ақша жинаған алаяқ ұсталды
Фото: vidmid.com
131
оқылды

Алматыда пәтер сату туралы жалған келісімшарттар жасаған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, пәтер сатып жүрген күдіктіні анықтады.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов: «И. есімді 35 жастағы Ақмола облысының тұрғыны пәтер сату туралы хабарландыру жариялаған. Үй алатындар табылған кезде ол жалған сату-сатып алу келісімшартын жасаған. Ол ақшаны алып, сатып алушымен байланысын үзіп, жасырынған. Күдікті соңғы мәмілені 11 миллион теңгеге жуық сомаға жасаған», – деді.

Полиция қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықтады. Алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан зардап шеккен азаматтар Алмалы аудандық полиция басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.

Бұған дейін жоқ пәтерлерді сатқан екі алаяқ туралы жазған болатынбыз.