Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, видеодағы сарбаз Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері департаменті 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырған.
Ол 27 қыркүйекте қызмет өткеру орнына келген. Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп таныған.
29 қыркүйекте ол құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
30 қыркүйектен бастап сарбаз Алматы қалалық ҰҚК госпиталінде тексеріліп жатыр. Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайды.