«А.есімді сотталғанның бас бостандығынан айыру жазасын айыппұл төлеуге ауыстыру туралы өтініші бойынша материал қаралды. Аягөз қаласының бұрынғы әкімі өтініш хатында жазаның бір бөлігін өтегенін жазған. Түрмеде отырған кезде ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Сот үкімі бойынша процессуалдық шығындарды төледі, азаматтық талаптары болмады. Тәрбиелік іс-шараларға да белсенді қатысты. Сотталған азамат қамауда ұстаудың жеңілдетілген жағдайларына ауыстырылған», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
А.ӘБІЛ, Өскемен.