БҚО шекарасында Ресейге заңсыз өтпек болған 6 өзбекстандық ұсталды
БҚО шекарасында Ресейге заңсыз өтпек болған 6 өзбекстандық ұсталды
213
оқылды
Батыс Қазақстанда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған өзбекстандықтар ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары 30 қыркүйекте Lifan маркалы көлікпен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 6 өзбекстандық пен Қазақстанның 1 азаматын ұстады. Олар Ресей Федерациясына өту үшін мемлекеттік шекараның өткізу пунктін айналып өтуді жоспарлаған", - делінген таратылған хабарламада.
Ұсталғандарға қатысты құқықтық тәртіптер қабылданбақ.