Қарағандыда 2-сынып оқушысын дәретханаға жібермеген мұғалім жұмыстан шығарылды
Қарағандыда 2-сынып оқушысын дәретханаға жібермеген мұғалім жұмыстан шығарылды
© azattyq-ruhy.kz
454
оқылды
Қарағандыда екінші сынып оқушысын дәретханаға жібермеген мұғалім жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.  Соның салдарынан ұл бала сабақ үстінде дәрет сындырып, ұятқа қалған. Қарағанды қаласы Білім басқармасы  №1 гимназияда жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, мұғалімнің кінәсі дәлелденген. Болған оқиғадан кейін мұғалім директордың алдына барып, бәрін баяндамаған және баланың анасынан кешірім сұрамаған.
"Гимназияда қызметтік тексеріс жүргізілді және Педагогикалық этика туралы кеңес отырысы өтті. Мұғалімнің әрекетінен қызметтік міндетін дұрыс орындамағаны анықталды. Қызметкерге қатаң сөгіс жарияланып, ол 8 қазанда жұмыстан шығарылды",  - делінген хабарламада.