Алматы облысы Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желілерде облыстық полиция ғимаратындағы өрттің видеосы тарап жатыр.
Алматы облысының полиция департаменті өрт 8 қазанда шамамен сағат 19:40 шамасында болғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімдері қызыл жалынды 25 минут ішінде сөндірді.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Кейінірек төтенше жағдай туралы қосымша ақпарат береміз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.