13 миллион адамға вакцина салынады
13 миллион адамға вакцина салынады
500
оқылды

Бұған дейінгі жоспар 9-10 миллион адам ғана болатын. Бұл мәліметті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне хабарлады. Онлайн форматта өткен отырыста коронавирус инфекциясына қатысты ағымдағы жағ­дай талқыланды.

А.Цой мырза жаһандағы 223 елдің ішінде Қазақстан КВИ-ден сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша 103-орында тұрғанын жеткізді. Әрине, бұл бәрібір мақтанарлық жағдай емес. Себебі республика Орта­лық Азиядағы нашар көрсет­кішке ие. Дертке шалдыққандар саны миллионға таяды: 8 қазан­дағы жағдай бойынша Қазақ­станда жалпы CОVID-19 оң нә­ти­жесі­мен 900 121 науқас және пневмониямен 76 906 жағдай тіркелген. Науқастардың 93%-ы сауы­ғыпты. Бүгінде вакцинаның І-компонентімен 7,8 миллион адам егілді, егілуге тиісті халықтың 78,3%-ы қамтылды. Ең көп қамту жөнінен 5 өңір лидер: Шымкент, Алматы қала­лары, Шығыс Қазақстан, Түр­кіс­тан, Жамбыл облыстары. Бірін­ші дозамен егілуден Маң­ғыс­тау облысы аутсайдер деп танылды. «Жалпы, республикада 13,37 миллионнан астам адамды қамту жоспарлануда. Осы мақсатта вак­циналардың жеткілікті көле­мі қамтамасыз етілді», – деді ДСМ басшысы.

Елдос СЕНБАЙ