Гендерлік теңдік – Қазақстанның тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар экономикалық өмірінің өзекті тренді. Әйелдердің экономикаға ат салысуы мемлекеттің тұрақты дамып келе жатқанының, әрі әр адамға бірдей мүмкіндіктер беріліп отырғандығының айғағы. Бүгінгі күні Қазақстанның ШОБ-нің 43% үлесін әйел кәсіпкерлер құрайды.
MsKinsey зерттеулеріне үңілсек, әйелдердің ерлермен қатар экономикаға үлес қосуы 2025 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-ге 28 триллион АҚШ долларын қосуы мүмкін. Бұл ЖІӨ-нің Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда 9%, ал Қиыр Шығыс пен Солтүстік Африкада 11% өседі деген сөз. Алайда әйелдер және олар құрып, басқаратын компаниялар өз жұмысында көптеген қиыншылықтарға тап болуда. ЕҚҚДБ «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы арқылы әйел жетекшілерді қаржылай, қаржысыз тәсілдермен қолдай отырып, сол қиыншылықтарды шешуге көмектеседі.
Статистика Қазақстандағы әйелдердің несие бойынша төлемді 90 күннен астам кешіктіруі ерлерге қарағанда аз екенін көрсетеді. ЕҚҚДБ қаржыландыру дефицитін жергілікті банктер мен микроқаржы ұйымдарға әйелдік ШОБ арналған мақсаттық несие желілерін ашу арқылы шешіп келеді. Бүгінгі күні қазақстандық серіктес қаржы институттарына $86,5 миллион доллар бөлді.
ЕҚҚДБ қаржылай емес қолдау құралдары ретінде кәсіпкер әйелдердің кәсіби сараптамаларға, бизнес-коучингке, оқуға, тәлімгерлікке қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
Covid 2019 пандемиясына қарамастан тәлімгерлік бағдарламасының 50 қатысушысы франшизаларын сатуға, жаңа нарықтарды игеруге, жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар ЕҚҚДБ әйел-кәсіпкер басқаратын отбасылық бизнесті қолдайды – бұл ретте кәсіпорынды басқару мәселелерін шешуге көмектеседі.
ЕҚҚДБ басқарушы әйелдерді қолдау аясында отбасылық бизнесті басқарудағы әйелдердің рөлі тақырыбына арналған ReStart 2.0 оқыту жобасының екінші маусымын бастады. Оқыту жобасының бағалығы оның спикерлерімен сарапшыларына тікелей байланысты: олардың арасында заңгерлер, коучтар, қаржы кеңесшілері ғана емес, оған қоса өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын көшбасшы әйел-кәсіпкерлер де бар.