«20% орындалды»: Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
«20% орындалды»: Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
310
оқылды

Nur Otan Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның сайлауалды бағдарламаларының Түркістан облысында іске асырылу барысымен танысты.

«Бірнеше жыл бұрын Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи оқиға болды. Қысқа мерзім ішінде руханиятымыздың діңгегі болған көне де қасиетті қала қайта түледі», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарлама аясында 2025 жылға дейін өңірде көптеген әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.  width= 2025 жылға дейін облыста 66 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Бүгін Бауыржан Байбек партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістанда салынған қалалық орталық аурухананы аралады.  width=Сол күні Бауыржан Байбек голливудтық Disney кинокомпаниясының мемлекеттік тілге дубляждалған «Жан» мультфильмінің көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған қайырымдылық көрсетіліміне барды. Бұл – «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жоғары халықаралық стандарттар бойынша ағылшын тілінен қазақ тіліне дубляждаған 37 шетелдік кинокартинасының бірі.  width= Түркістан облысына сапар барысында Бауыржан Байбек Jastar-Otanga! халықаралық жастар форумының қатысушыларымен де кездесті.