Жамбыл облысында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді
Жамбыл облысында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді
Сурет: (cc) Republica
373
оқылды

2021 жылдың 10 қазанында сағат 07.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

"Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.