Ақмолада дүкенді тонаған ұры саусақ ізі арқылы табылды
Ақмолада дүкенді тонаған ұры саусақ ізі арқылы табылды
Сурет: xakep.ru
336
оқылды

Ақмолада ұры саусақ іздері арқылы табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 60 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Арызданушы белгісіз біреулер азық-түлік дүкеніндегі терезені сындырып, халық тұтынатын тауарлар мен жалпы сомасы 25 мың теңге ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады.
«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, оның құрамына кинологтар мен криминалистер кірді. Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері оқиға орнынан 10 қол ізін тәркіледі. Дактилоскопиялық ақпаратты зерттеу негізінде күдікті анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақмола облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистерінің мамандары оқиға орнына 2 мыңнан астам тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша күдіктілердің 213 қылмыс бойынша “саусақ іздері” анықталды.