Ордабасында үшем туған әйел "алтын алқа" иеленді
Ордабасында үшем туған әйел "алтын алқа" иеленді
Сурет: Отырар
632
оқылды

Ордабасы ауданы Қараспан елді мекені Көлтоған ауылының тұрғыны Тәңірбергенов Алпамыс Оңғарұлының отбасында үшем - 2 ұл, 1 қыз дүниеге келді. Бұған дейін 3 қыз, 1 ұлды дүниеге әкелген Төлегенова Нұрсұлу бірден алтын алқа иегері атанды. Тәңірбергеновтердің шаңырағына шаттық сыйлаған сәбилердің есімдері Ернұр, Арнұр, Балнұр, деп хабарлайды "Отырар" сайты. 

Жарық дүние есігін 24 қыркүйек күні ашқан сәбилерде сарғаю болған. Бүгінгі таңда жаңа босанған ана мен сәбилердің денсаулықтары жақсы. Ордабасы орталық ауруханасының бас дәрігері Мырзагелдиев Бақытжан Мырзалыұлы Тәңірбергеновтер отбасына арнайы барып қуаныш иелерін құттықтап, құрмет көрсетіп, сәбилерді серуендетуге өте қажетті 3 дана қоларба, 9 кг. құрғақ сүт, т.б сыйлықтар табыстады. «Ауруханамыздың бас дәрігеріне көп-көп рахмет. Бізді елеп келіп құттықтап сыйлық беріп жатыр. Осы кісі секілді азаматтарымыз көп болсын! Барлық келіп құттықтаған дәрігерлерге рахмет. Күнде хабарласып жағдайымызды сұрап-біліп отырады. Еңбектері жана берсін», - деп рахмет айтты көпбалалы ата-ана.