Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-10.10.2021
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-10.10.2021
Фото: news.myseldon.com
250
оқылды
Синоптиктер бірқатар облыста ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең 11 қазанда көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. 11 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 11 қазанда түнде Алматы облысының батысында және күндіз шығысында батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр. 11 қазанда Ақмола облысының шығыс жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. 10-12 қазандағы болжам: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: күндіз 10, түнде 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты. Оңтүстік-шығыс желі, 10 қазанда екпіні секундына 15-20 метр болады.