Дизель тапшылығынан Қарағандыда автобустар жолға шыға алмай қалды
Дизель тапшылығынан Қарағандыда автобустар жолға шыға алмай қалды
237
оқылды
Қарағандыда бүгін қалалық бағыттарда бүкіл қоғамдық көліктің шамамен 30%-ы жұмысқа шықпады. Бұл жағдайға жанармай құю бекеттерінде дизель отынының болмауы себеп. «Бүгінде қалалық бағыттарда 193 автобус бар, бұл демалыс күнінің кестесі бойынша жоспардың 72%-ын құрайды. Автожанармай құю станцияларында дизель отынының болмауына байланысты №02 маршрут шықпады, кей маршруттарда жолаушылар көлігінің саны қысқартылған. №28 және 29 маршруттар желіде», – деп түсіндірді қалалық әкімдікте. Сондай-ақ, ведомство хабарлағандай, ертең 11 қазанда қала автопарктерінің ақпараты бойынша барлық бағдарлар жоспарлы іске қосылады.