Шығыста циклон әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауады.
Оңтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысының шығыс жағында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.