Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, көз жұмған әйелге қатысты тың мәліметтер шықты
Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, көз жұмған әйелге қатысты тың мәліметтер шықты
Видеодан кадр: Telegram/patriot_patriot
Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, ауыр жарақаттан қайтыс болған әйел бұл іспен тұрақты айналысқан. Роупджампинг оның хоббиі болған, — деп хабарлады Telegram-дағы patriot_patriot арнасы Дереккөздің жазуынша, арқанмен секіріп, ажал құшқан қарағандылық әйелдің есімі — Евгения. Ол арқанмен бірінші рет секіріп тұрған жоқ. Бұл оның хоббиі болыпты.
"Кеше Қарағандыда қайтыс болған әйел Шахтинск тұрғыны, жасы 33-те. Аты - Евгения. "Созвездие" қонақ үйінің шатырынан жерге дейінгі арақашықтық - 30 метр. Ол биіктен бірінші рет секіріп тұрған жоқ. Ғимараттардың төбесінен секіру оның хоббиі болған. Ол қала сыртындағы бос, қараусыз қалған ескі үйлердің төбесінен секіру үшін арнайы барып тұрған", — деп хабарлады Telegram арна.
Сондай-ақ, марқұмның артынан екі баласы қалғаны белгілі болды.
"Екі бала жетім қалды. Күйеуі жалғыз қалды. Оның үстіне күйеуі екеуі анасы қайтыс болған туыстарының баласын да асырап алған. Евгения ойланбастан ұл баланы өз тәрбиесіне алған болатын", — делінген patriot_parriot арнасындағы жазбада.
Бұған дейін Қарағандыда байлаулы арқанмен 30 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмғанын жазған болатынбыз.