Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті бұйрық жобасын әзірледі.«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта қоғамдық инспекторлар жануарларға арналған пана аумағына және оның үй-жайларына ғана дербес кіруге құқылы екені көрсетілген.
Жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық инспекторлар фото және видеотүсірілім жасап, дыбыс жазу (аудиожазба) құралдарын пайдалана алады.