12 қазанға арналған ауа райы болжамы
12 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: goodfon.com
120
оқылды

Шығыста қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыс, солтүстікте жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік, шығыс, оңтүстік пен орталықта тұман түсіп, солтүстікте  көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20  м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде тұман, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ болады.