Алматы облысында полицейлер елік атқан 39 жастағы ер адамды ұстады, – деп жазды 24.kz.
Іле ауданы Ынтымақ ауылының маңында заңсыз аң аулаған күдікті Ресей азаматы екені анықталды. Екі Сібір елігін атып, мемлекетке 2 млн 83 мың теңге залал келтірді.
Күдіктіден елік пен аңшы мылтығы заттай айғақ ретінде тәркіленді. Сот оны қауіпсіздігі төмен абақтыда 1 жыл 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарды.
Алматы облысында жыл басынан бері браконьерлерге қатысты 132 қылмыстық іс қозғалған.