Қазақстанда елік атқан Ресей азаматы сотталды
Қазақстанда елік атқан Ресей азаматы сотталды
Фото: madhunter.ru
295
оқылды

Алматы облысында полицейлер елік атқан 39 жастағы ер адамды ұстады, – деп жазды 24.kz.

Іле ауданы Ынтымақ ауылының маңында заңсыз аң аулаған күдікті Ресей азаматы екені анықталды. Екі Сібір елігін атып, мемлекетке 2 млн 83 мың теңге залал келтірді.

Күдіктіден елік пен аңшы мылтығы заттай айғақ ретінде тәркіленді. Сот оны қауіпсіздігі төмен абақтыда 1 жыл 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарды.

Алматы облысында жыл басынан бері браконьерлерге қатысты 132 қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Қазақстаннан да зейнетақы алып отырған Ресей азаматы туралы жазған болатынбыз.