Марал атқан браконьерлер ұсталды
Марал атқан браконьерлер ұсталды
Фото: polisia.kz
211
оқылды

Көкпекті ауданында полицейлер браконьерлерді ұстады.

Полиция Толағай тауына жақын Көкпекті ауылының 31 жастағы «ВАЗ» автокөлігін тоқтатып, тексерді. Көлікті тексергенде жабайы маралдың еті анықталды. Еттен басқа 7,62 мм калибрлі «Вепр-308» карабині, 10 патроны бар магазин, екі маралдың мүйізі, пышақ пен балта тәркіленді.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев: «31 жастағы ер адам досымен бірге оның қабан атуға рұқсаты болғандықтан, автокөлікке мініп, Қалба жотасына жабайы қабан аулауға барғаны анықталды. Жабайы қабан кездеспегендіктен, үйіне қайтуға бел буған. Қайтар жолда оларға марал кездескен, маралды көрген олар маралдың соңынан еріп, оны атып алған. Маралдың етін 9 қапқа бөліп салып, көліктің жүксалғышына тиеген», – деді.