Браконьер әкім
Браконьер әкім

Жамбыл облысында заң­сыз аңшылық құрған әкім ұс­талды. Оқиға Талас ауда­нын­дағы Бөлтірік шешен ауы­лы маңында болған. Заңсыз аңшылыққа шыққан екі адамды «Сапсан» жедел жасағы­ның қызметкерлері ұстады.

Олар күдікті көлікті байқап дереу ізге түскен. Браконьерлер қашуға әрекеттенген. Атып алған төрт қырғауылды қалың шеңгелдің арасына жасырып үлгерген екен. Тінту кезінде 12-ші калибрлі 2 мылтық және 13 дана оқ тәркі­ленді. Ұсталғандардың бірі Кеңес ауылдық округінің әкімі екенін мойындады. Мемлекеттік қызмет­керге әзірге айыппұл салынды. Ал қызметінде қандай шара қол­данатыны белгісіз. – Қырғауылдың жүретін жері. Сол жерге аңшылыққа барған. Заңсыз аңшылық жасаған. Еш­қан­дай жолдамалық құжаттары жоқ. Бөлтірік ауылының әкімі. 1990 жылғы азамат. Сол өз кінәсін мойындап хаттамаға қол қойды. Әкімшілік айыппұл салынады. Хаттама толтырылды. Қаулы шы­ғарылды. Енді төлейді, – дейді мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің басшысы Кенжебек Абай.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ