Қазақстан Президенті АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-кеңесінің жұмысына қатысып отырған делегация басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға Бахрейн, Беларусь, Үндістан, Қатар, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің Сыртқы істер министрлері, Израильдің туризм министрі, сондай-ақ 5 халықаралық ұйым мен 15 мемлекеттің дипломатиялық миссиясының басшылары қатысты.