Нұр-Сұлтанда ломбард бөлмесі мен тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлады елорданың Төтенше жағдайлар департаменті.
Біржан сал көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама 12 қазанда сағат 16:35-те түскен.
"Жедел және үйлестірілген жұмыстың арқасында өрт сағат 16:58-де оқшауланды. Өртті сөндіру кезінде бір адам құтқарылды, 15 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге елорда ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің 22 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады департамент.